Еңбегімен ел есінде » Cредняя школа им.А.Жексембекова
Алматы облысы білм басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"А.Жексембеков атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)7533007
Есепші бөлімі:
+7(727)7533007
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
май
2020

Еңбегімен ел есінде

Еңбегімен ел есінде

         Түрген өңірі-тамылжыған әсем табиғатымен, тарихтан сыр шертер шежіресімен де белгілі аймақ.Еліміз тәуелсіздік алғалы бері Түрген ауылы да жыл өткен сайын түрленуде. Бұл күндері 13 мыңнан астам халқымен бірнеше ұлт өкілдері тату- тәтті өмір сүріп жатқан берекелі де, «жерұйығы» аталған құтты мекенге айналуда.

Халқының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы күннен- күнге артып келе жатқанын байқайсыз. Оның дәлелі де айнадай       жарқыраған көшелері мен бір-бірімен таласқан сәнді үйлер қатарының және дүкендер мен мейрамхана, халыққа қызмет көрсету орындарының қызметін көруге болады.

         Ауылда үлкен сәнді мәдениет сарайы бар. Оның алдында қазақ айтыс өнерінің дарабозы Құланаян Құлмамбеттің аты аңызға айналған Шоқпарұлы Дәркенбай шебердің қолынан шыққан қола мүсіні көз тартады. Домбырасын мығым ұстаған биік тұғырдағы ұлы баба бейнесі тәуелсіз елдің жаңарған жұртына жақсылық тілеп, жырымен дем беріп отырғандай.

         Ауылда 3 білім ошағы бар. Осы білім беретін құт мекеннің ең жасы да, тәуелсіздіктің бел баласы атанған Түрген қазақ орта мектебінің өз ерекшелігі де бар. Кешегісіне көз жіберер болсақ, осындай тамылжыған табиғаты бар, әр жанға қай жағынан болса да табылмас мекен болған ауылда тәуелсіздік алғанға дейін қазақ тілінде оқытатын мектеп те болмаған. Қасиетті жердің уылжыған жемісінен «бөтен» жандар ғана дәм татып, жергілікті жұртқа сүйегі де бұйырмаған кез болғанын айтпаса да түсіну қиынға соқпайды.

         Бұл мектепке мен биыл ғана басшылыққа келдім. Әріптестерімнен және бұрын қызмет істеген абзал жандардан мектептің кешегісі жайлы көп сұрап білуіме тура келді. Алғашқы қоңырау күндерінде осы мектептің тұңғыш директоры болған қазірде зейнеткер «Қазақстан Республикасының білім озаты»  Алтынсарин медалінің иегері, ауылдың асыл азаматы Асылбек Жолдыбаевтан білім ошағының тұңғыш қазығы қалай қағылғанын білдім. Әрине, әр істің алғашқы басталуы оңайға соқпайтыны белгілі.

         Осы орайда 1994 жылдары ауылда әкім болған, осында туып-өскен, ауылдың бел баласы, асыл азамат Абыхан Жексембековтың еңбегінің зор екені туралы айтып еді. Бұл кісінің тәуелсіздік алған жылдары көптен қол жетпей келе жатқан ісіне «құланның қасуына, мылтықтың басуы» дегендей, мезгіл дөп келіп, барлық ауыл азаматын жинап, ақылдаса келе, қазақ мектебін ашу жөнінде жоғары жаққа тынбай ұсыныс жасаудың арқасында жолы болды. Аталған мектеп алғаш рет әр ауылға шашырап оқыған 100-ге тарта баланың басын қосып, 1994 жаңа оқу жылында қазақ мектебінің тұңғыш қоңырауы сыңғырлай соғылып, тарих бетіне жаңа бір беті ашылғандай болды. Мектеп алғаш бос қалған балалар бақшасына орналасты. 2000 жылдардан кейін бос, иесіз қалған кәсіптік-техникалық училищенің ғимаратына көшірілді. Көшірілді дегені болмаса қираған есік, терезе, еден сияқты дүниелерді мектеп ұжымы мен демеушілердің көмегімен біртіндеп қалыпқа келтірді.

         Осынау халық үшін, болашақ жастар үшін ашылған тұңғыш мектептің ұйымдастырушысы да, оның қамқоршысы да Абыхан Жексембеков екені даусыз. Абыхан ағаның ел айтып, аңыз жасап жүрген тағыда бір азаматтық ісі көпке мәлім.

         Қазақтан шыққан мемлекет және қоғам қайраткері, елін 20 жылдан артық басқарған дара тұлға Дінмұхамбет Қонаевтың көзі тірісінде-ақ өз келісімін алып, атын мәңгі есте қалдыру мақсатында ауылдағы «Ильич» атындағы орта мектеп атын Д.А.Қонаев атымен атауды және үлкен бір көшеге атын беру жұмысын ұйымдастыруы кез-келген жанның қолынан келе бермесі анық. Ұлы тұлғаның оған себебі де бар, сонау 30 жылдары ол кісі ата-анасымен осы қасиетті Түрген ауылында тұрғаны белгілі. Ол кісі дәл мектептің атын беру жиынына өзі келіп, батасын беріп риза болған. Бұл да елі үшін еңбек еткен ұлы тұлғаны бағалаудағы ерекше жол. Сол күні ауданның әр түкпірінен халық көп жиналғанын бүгіндері көзі көрген жандар жыр етіп айтып отырғанына куә боласыз.

         Жылма-жыл Абыхан Жексембековтың туған күні қарсаңында ол кісінің болашақ ұрпағы үшін істеген өнегелі істерін еске алу мақсатында сынып сағаттары, ол кісіні көзі көрген замандастарымен кездесулер өткізу – мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Оның өзіндік себебі де бар. Кезінде білім саласына қолынан келгенін аямаған ауыл басшысына Білім министрлігі тарапынан «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі» белгісі берілген. Бұл күндері мектепте ауыл өмірінен және алғашқы қазақ мектебін ұйымдастырған, қаржылай көмек көрсеткен асыл азамат Абыхан аға өмірін қамтитын деректерге толы шағын мұражай жұмыс істейді.

         «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дегендей, асыл азаматтың артында қалған ұл-қыздары бүгінде әке жолына лайық іс атқарып, жыл үзбей мектепке демеушілік жасап келеді. Осы орайда ол кісінің кенже қызы «Жеке Агрофирма» басқарушы, биология ғылымының кандидаты Мәншүк Абыханқызының басшылығымен мектепке жасалған демеушілік ісі атап айтарлықтай.

         Өз қаражатымен қазақ тілі кабинетіне қазіргі заман талабына сай ақпараттық құрал-жабдықтар, атап айтқанда интерактивті тақтасымен 15 жеке компьютер қойылған. Оның пайдасын мектеп оқушылары көруде, ата-аналар қашанда риза. Сонымен қатар әр оқу жылында үздік оқыған 10 оқушыға стипендия тағайындап келеді.

         Қазіргі кезде мектепте 600-ге тарта оқушы білім алуда, оларға 58 ұстаз сабақ береді. Ұстаздардың барлығы жоғарғы білімді. Олардың 9-ы жоғары, 23-і бірінші санаттағы білімді де, білікті жандар. Оқушыларға білім беру сапасы жылдан-жылға артып келеді.

         Биыл мектептің құрылғанына 20 жыл толғалы отыр. Бұл іске бүкіл мектеп ұжымының және ауыл тұрғындарының атап өту жұмысын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз.

         Мектептің 20 жылда жеткен жетістіктері атап айтарлықтай. Бұл Түрген өңірінде ашылған тұңғыш қазақ мектебінің кешегісі мен бүгіні туралы, осы жылдарда қаншама шәкірт білім алып, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне өз үлестерін қосып жүргені аян. Шәкірттердің арасында ғылым, білім, ауыл шаруашылық саласында, тіптен министрліктерде жауапты қызмет істеп жүргендері де баршылық. Қазақ мектебінің осынау 20 жылда жеткен жетістіктерін бүгінде білмейтін жан жоқ десе де болады.

         Игілікті істің бастаушысы да, жаңалыққа жол ашушы да жоғарыда айтып өткен Абыхан аға Жексембеков екені даусыз.

         Сөз соңында айтарым, елі үшін ерен еңбек жасап, тыңнан түрен тартып, Түрген ауылында тұңғыш қазақ мектебін ашуға атсалысқан асыл азамат Абыхан Жексембековтың атын осы мектепке берсе деген мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындарының ұсынысын жоғарғы жақтағы биліктегі азаматтар қолдар деген ойдамын.

 

Похожие публикации:

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив